2024 жылдың 7 наурызында ерлер қауымы тұрақты даму орталығының 5-ші тармағы гендірлік теңділік мәселелерін қоса отырып Академияның нәзік, сұлу әйелдері мен қыздарын күні бойы құттықтады. Құттықтау тарихы таңертеңнен басталды. Біздің Академияның фойесінде сүйкімді ханымдарды үрмелі ансамбль, Академия жігіттерінің тірі дәлізі қарсы алды. Француз стилінде безендірілген фото аймақ қыздардың күлкісі мен таңданысын тудырды. Ер адамдар сыйға тартқан көктемгі гүлдер әйелдерді қуантып, таңғалдырды. Сүйкімді ханымдар үшін студенттерден қазақ әйелдерін дәріптейтін спектакль-мюзикл көрсетілді. Спектакльде әйелдің қазақ қоғамындағы үлкен рөлі туралы айтылды. Ер адам сияқты, әйел де «Бірінші» болуы мүмкін. Студенттер қазақтың ұлы әйелдерінің бейнесін көрсетті: Д. Нұрпейісова, Ш. Жиенқұлова, Р. Бағланова, К. Байсейітова. Қойылым барлық көрермендерге өте ұнады.