Select Page

№4 ТДМ: сапалы білім мақсаты аясында 2026 жылғы 10–12 сәуір аралығында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы профессор Абдирайымова А.А. және сениор-лектор Бейсенова П.М. Британдық славян және шығыс-еуропалық зерттеулер қауымдастығының (BASEES 2026) конференциясына қатысты. Аталған конференция Бирмингем университеті (Ұлыбритания) жанындағы Ресей, Еуропа және Еуразия зерттеулері орталығы (CREES) базасында өтті. «The dynamics of labor conflicts in the extractive industries of Kazakhstan: actors, resources, communication» атты ғылыми жұмыс Energy, Environment, and Politics 1 панельдік сессиясында ұсынылды. Конференцияның негізгі бағдарламасынан бөлек, қатысушылар университет бойынша кампус-турға қатысып, кітапханасы мен музейімен танысты. Бұл университеттің білім беру және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Skip to content
Приемная комиссия