2026 жылғы 27 қазанда ALT University-дің Компьютерлік ғылымдар департаментінде «Жобалық ойлау: идеядан табысты нәтижеге дейін» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Кездесу сағат 15:00-де В409 конференц-залында ұйымдастырылды.
Дәрісті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Инженерия факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Казбекова Гулнур Нагиметовна өткізді.
Кездесу барысында спикер идея мен жобаның айырмашылығын түсіндіріп, ойды нақты мақсатқа, жоспарға және өлшенетін нәтижеге негізделген жобаға айналдыру жолдарын көрсетті. Дәрісте жобалық ойлаудың мәселені жүйелі талдауға және негізделген шешім қабылдауға көмектесетіні айтылды.
Дәрістің практикалық бөлігінде GROW моделі, нарықты талдаудың негізгі бағыттары және мақсатты аудиторияны анықтау тәсілдері қарастырылды. Сондай-ақ SWOT-талдау, McKinsey 7S моделі, Value Proposition Canvas және бенчмаркинг құралдарының жобаны әзірлеу мен бағалаудағы қолданысы түсіндірілді.
Спикер өнім мен жобаның айырмашылығына, нарыққа кіру кедергілеріне және бәсекелестік ортаны бағалау тәсілдеріне тоқталды. Сондай-ақ жобаларды басқарудағы дәстүрлі, Agile және гибридті тәсілдердің ерекшеліктерін түсіндіріп, оларды жоба мақсаты мен жұмыс жағдайына қарай таңдау қажеттігін атап өтті.
Дәріс БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы 4-мақсаты — «Сапалы білім», 9-мақсаты — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» және 17-мақсаты — «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағыттарын қолдады. Кездесу университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтып, білім алушылардың жобалық құзыреттерін дамытуға ықпал етті.
Қонақ дәріс тыңдаушыларға идеяны құрылымдаудан бастап нарықты зерттеу, құндылық ұсынысын қалыптастыру және жобаны іске асыру тәсілін таңдауға дейінгі негізгі кезеңдерді бірізді қарастыруға мүмкіндік берді.
Автор: Өмірбекова З. М.


