Youth Logistics Forum-2026 форумының екінші күні көлік саласының нақты өндірістік секторымен танысуға арналды және Alstom компаниясының зауытына экскурсиямен есте қалды.
Қазақстан Жаңа Жібек жолындағы маңызды көлік торабы ретінде Еуропа, Таяу Шығыс, Азия және Ресей арасындағы байланыстарды қамтамасыз етуде стратегиялық рөл атқарады. Елдегі 1520 мм теміржол желісінің ұзындығы шамамен 21 000 км құрайды, бұл оны әлемдегі ең ірі желілердің біріне айналдырады.
Alstom компаниясы Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы электровоздар мен бағыттамалық жетектердің жалғыз өндірушісі болып табылады және теміржол саласын жаңғырту мен экономиканы дамыту бағдарламасының маңызды қатысушысы саналады.
Экскурсия барысында форум қатысушылары қазақстандық электровоздарды өндірудің толық циклымен танысып, өндірістің барлық кезеңдерін — негізгі бөлшектерді жинаудан бастап соңғы сынақтарға дейін бақылау мүмкіндігіне ие болды.
Бұл тәжірибе студенттердің кәсіби білімдерін кеңейтіп, өндірістік процестерді терең түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара келесі Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді:
🔹 ЦУР 9 — Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым
🔹 ЦУР 8 — Лайықты еңбек және экономикалық өсу
🔹 ЦУР 7 — Қолжетімді және таза энергия
🔹 ЦУР 13 — Климаттың өзгеруіне қарсы күрес


