Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық кеңсесінің жетекшісі Шабденова Дария Рахималиевна Қазақстан-Ресей медицина университетінің білім беру ортасында шетелдік студенттерді психологиялық қолдау және бейімдеу мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты.
Аталған іс-шара Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінен келген жетекші мамандарды біріктіріп, онда тәжірибеге бағытталған баяндамалар, заманауи тәсілдер мен шетелдік білім алушылармен жұмыс істеудің нақты кейстері ұсынылды.
Конференцияға қатысу Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ), сондай-ақ университеттің теңдік, инклюзия және қолжетімді білім беру ортасын қамтамасыз ету саясаты аясында жүзеге асырылды.
Конференция барысында:
• шетелдік студенттердің мәдениетаралық бейімделуі және психологиялық сүйемелденуі бойынша өзекті білімдер алынды;
• көпұлтты білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу тәжірибелері зерттелді;
• кәсіби кейстерді талдау арқылы студенттерге психологиялық қолдау көрсету бойынша халықаралық тәжірибе меңгерілді;
• сарапшылар қауымдастығымен кәсіби байланыстар кеңейтілді.
Ерекше назар аударылған тақырыптар: мәдениетаралық коммуникация, студенттердің мотивациясы, кеңес беру үдерісіндегі мәдени және діни факторлардың әсері, сондай-ақ дағдарыстық және шұғыл жағдайларда сүйемелдеу.
Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына, кәсіби атмосфера мен жылы қабылдауға байланысты Қазақстан-Ресей медицина университетінің Халықаралық медицина мектебінің психологы Аккулева Адина Аблайхановнаға, сондай-ақ университет басшылығына шынайы алғыс білдіреміз.
Осындай халықаралық алаңдарға қатысу инклюзивті мәдениетті дамытуға, психологиялық көмектің сапасын арттыруға және жоғары оқу орнында студенттерді қолдау жүйесін нығайтуға ықпал етеді.


