Select Page

2026 жылдың 14 сәуірінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Энергия, ресурстар және климатты тұрақтандыру технологиялары» тақырыбында энергетика және машинажасау бойынша ауқымды Хакатон өтті.

М.Тынышпаев атындағы ALT Университетінің студенттері бұл додаға екі бағыт бойынша қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты — көміртегі ізін азайтуға, энергия тиімділігін арттыруға және өндірістік процестерді оңтайландыруға бағытталған инновациялық шешімдерді әзірлеу болды. Бұл бастама БҰҰ-ның ТДМ 9 (Индустрияландыру және инновациялар), ТДМ 12 (Жауапты тұтыну мен өндіріс) және ТДМ 17 (Тұрақты даму шеңберіндегі әріптестік) мақсаттарына толықтай сәйкес келеді.

Энергетика және IT саласының білімін ұштастырған қатысушылар экологиялық жүктемені азайтуға бағытталған практикалық шешімдерін ұсынды. Жобаларды өндіріс өкілдері мен сала мамандарынан құралған сарапшылар алқасы бағалап, шешімдердің экономикалық тиімділігі мен нақты секторға енгізу әлеуетіне басты назар аударды.

Команда жетекшісі: Энергетика кафедрасының ALT қауымдастырылған профессоры Ж.Ж. Калиев. Қатысушылар: «6В07188 – IT Энергетика» ББ 4-курс студенттері А.А. Сейдуллаев, Е.Р. Шынжырбек, Д. Сейтжан.

Skip to content
Приемная комиссия