Select Page

Оқытушылардың кәсіби өсуіне қолайлы орта құру, тәжірибе алмасу және университеттегі білім беру процесінің сапасын арттыру мақсатында әр кафедрада инновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып, кестеге сәйкес ашық сабақтар апталығы ұйымдастырылды.

Осыған орай, 2-8-ші қараша аралығында «Энергетика» кафедрасының әрбір профессорлық оқытушылар құрамы ашық сабақ өткізді, оған университеттің барлық қызметкерлері мен оқытушылары қатыса алды. Бұл форматта сабақ өткізу, оқытушылардың қолданатын әдіс-тәсілдерімен танысуға, сондай-ақ оқытудың үздік тәжірибелері мен инновацияларын талқылауға мүмкіндік берді. Сабақтарға әріптестердің қатысуы өзара кәсіби алмасу атмосферасын қалыптастырып, білім беру процесінің сапасын арттыруға және оқытушылардың тәжірибесін байытуға ықпал етті.

Студенттер үшін бұл тәжірибе сыни ойлау, шығармашылық көзқарас және практикалық дағдыларды дамытуға көмектеседі, сондай-ақ материалды тереңірек меңгеруге, оларды оқу процесіне тартуға және заманауи кәсіби құзыреттерді игеруге ықпал етеді.

Приемная комиссия