Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Корпоративтік ынтымақтастық департаменті Мансапты дамыту кеңсесінің жоспарына сәйкес «Кәсіпорындарда/ұйымдарда өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу» тақырында тәжірибе жетекшілерімен нұсқаулық-әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңеске корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Иванов А.А., ғылым және ынтымақтастық жөніндегі проректор Кобдикова Ш.М., жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Заманбеков Д.Ш., институттар директорлары Тойгожинова А.Ж. (Энергетика және сандық технологиялар), Абдрешов Ш.А. (Көлік және құрылыс), Мусаева Г.С. (Логистика және бизнес), кафедра меңгерушілері, жаңадан тағайындалған практика жетекшілері қатысты. Корпоративтік ынтымақтастық департаменті директоры Дуйсебаева А.М. қатысушыларды жаңадан келген қызметкерлермен таныстырды. Күн тәртібінде: 2023/24 оқу жылының тәжірибе қорытындысы, кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру, Мансаптық даму кеңсесінің ағымдағы оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары. Кеңес барысында 2023/24 оқу жылының тәжірибелері бойынша есеп: студенттердің үлгерімін талдау, кәсіпорындардың тәжірибе жетекшілері мен 3 және 4 курс студенттері арасында жүргізілген сауалнаманы талдау ұсынылды, Кеңсе жұмысының өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу бойынша негізгі бағыттары талқыланды. Корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Иванов А.А. практиканың теориялық дайындық пен кәсіби қызмет арасында шешуші рөл атқаратынын, сондықтан оны дұрыс ұйымдастырудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Отырыс нәтижесінде негізгі міндеттер айқындалып, оларды жүзеге асыру мерзімдері белгіленді.