2024 жылдың маусым айында «Алматытранстелеком» филиалының өндірістік алаңында М.Тынышпаев атындағы АЛТ университеті студенттерінің кешенді дипломдық жұмыстарын қорғау іс-шарасы өтті.
Мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысына қатысты: Комиссия төрағасы – Алипбеков А.С., ДУРС директорының міндетін атқарушы Аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары – Иванов А.А., М.Тынышпаев атындағы АЛТ университетінің корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Комиссия мүшелері: Липская М.А. – М.Тынышпаев атындағы АЛТ университетінің академиялық саясат және сапа департаментінің директоры Касымова Д.Т. – М.Тынышпаев атындағы АЛТ университетінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Мамилов Б.Е. – М.Тынышпаев атындағы АЛТ университетінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ассистент профессоры
Сонымен қатар, «Алматытранстелеком» филиалы тарапынан студенттердің баяндамаларын тыңдауға қатысты: Муратбеков М.С. – «Алматытранстелеком» филиалының пайдалану жөніндегі директоры Жаниязова К.Л. – «Алматытранстелеком» филиалының HR бөлімінің бастығы
Қорғауда келесі тақырыптар қаралды:
- «Транстелеком» АҚ телекоммуникациялық жүйелеріндегі WDM резервтеу мәселелерін зерттеу
- Алматы – Қонаев теміржол учаскесінде TETRA стандартының цифрлық транкингтік радиобайланысын құру бойынша «Транстелеком» АҚ жобасы
Аталған тақырыптардың өзектілігі телекоммуникациялық кәсіпорынның жұмыс істеуінің негізгі факторларының бірі болып табылатын жаңғырту және дұрыс пайдалану қажеттілігімен байланысты болды. Дипломдық жұмыстарда статистикалық және аналитикалық әдістер мен ақпаратты өңдеу тәсілдері, қажетті көрсеткіштерді есептеу және ұсыну үшін математикалық және бағдарламалық мүмкіндіктер пайдаланылды. Студенттер өз есептеулерінің қажеттілігі мен тиімділігін дәлелдей отырып, нақты ұсыныстар жасады.