Қарттар – елдің қазынасы
1 қазанда бүкіл әлемде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл — аға буынға, олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығына құрмет көрсетудің маңыздылығын еске салатын ерекше күн.
2026 жылғы 5 қазанда ALT University-де Қарттар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Кездесу ALT Университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Меруерт Советқызы Жармағамбетованың және университет басшылығының бастамасымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға университеттің 20-дан астам ардагері — оқу орны мен саланың дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдері шақырылды. Кездесу барысында қатысушыларға өткен оқу жылының қорытындылары айтылып, университеттің алдағы кезеңге арналған жоспарлары таныстырылды.
«Күміс университет» бағдарламасы шеңберінде ардагерлер үшін психологиялық әл-ауқатты қолдауға және цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Алғашқы іс-шара қатысушылардың өзін-өзі тануына, эмоционалдық жеңілдеуіне және психологиялық ресурсын сақтауға бағытталған психологиялық тренинг болды. Тренингті ALT Университетінің Инклюзивті білім беру және ментальды денсаулық офисінің басшысы Дария Шабденова мен офис психолог-консультанты Нұрхан Қапар өткізді. Қатысушылар интерактивті, шығармашылық және метафоралық әдістер арқылы өздерінің эмоционалдық күйіне назар аудара алды. Бағдарламада көңіл-күйді анықтауға арналған жаттығулар, арт-техникалар, тыныс алу және қозғалыс практикалары, сондай-ақ метафоралық ассоциативті карталармен жұмыс қарастырылды. Тренинг өзіне құлақ түруге, жиналған эмоцияларды білдіруге және ішкі ресурстарды қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Екінші іс-шара — ALT Университетінің Компьютерлік ғылымдар департаментінің басшысы Динара Түгелбекқызы Қасымова өткізген «Күнделікті өмірдегі цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» семинары. Қатысушылар пайдалы цифрлық сервистермен, ChatGPT мен дауыстық іздеу мүмкіндіктерімен танысып, интернетте ақпаратты қауіпсіз іздеу және тексеру жолдарын үйренді. Цифрлық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды: қатысушыларға алаяқтық хабарламалар мен күмәнді сілтемелерді қалай тану керектігі түсіндірілді. Сабақ практикалық форматта өтіп, ардагерлер тапсырмаларды өздігінен орындап, күнделікті өмірде пайдалы болатын құралдарды бірден меңгерді.
ALT Университетінің 95 жылдығын мерекелеу аясында ардагерлерге мерейтойлық датаға арналған естелік сыйлықтар табыс етілді. Ардагерлерді салтанатты қабылдау жылы жүзді тілектерге, естеліктерге және музыкалық өнер көрсетулерге ұласты.
Университет үшін мұндай кездесулер — ардагерлерге алғыс білдіру мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге ұрпақтар сабақтастығын сақтау жолы. Олардың кәсіби және өмірлік тәжірибесі — ALT тарихының маңызды бөлігі әрі жас ұрпақ үшін бағалы бағдар.
ALT University өзінің құрметті ардагерлеріне мықты денсаулық, әл-ауқат, ұзақ ғұмыр және отбасылық жылылық тілейді!
Автор: Алия Ерлан


