2026 жылғы 16 мамырда ALT Университетінің «Көлік құрылысы» кафедрасының «Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» инженерлік мамандығы бойынша 1986 жылғы түлектерінің 40 жылдық мерейтойына арналған форсайт-сессия өтті. Шара түлектердің кәсіби тәжірибесін, кафедраның ғылыми-білім беру әлеуетін және теміржол инфрақұрылымын дамытудың заманауи үрдістерін біріктіруге бағытталды.
«Көлік құрылысы саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың негізі ретіндегі ұрпақтар сабақтастығы» атты кіріспе баяндамасымен «Көлік құрылысы» кафедрасының меңгерушісі Т.Ж. Төлемісов сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол келесі мәселелерді атап өтті:
-
кафедраның тарихы мен көлік саласы үшін мамандар даярлауға қосқан үлесі;
-
кафедраның білім беру бағдарламаларының қазіргі жай-күйі;
-
болашақ инженердің құзыреттері;
-
кафедраның өндірістік кәсіпорындармен өзара әрекеттестігі;
-
дуальды оқытуды іске асырудағы инженерлік дәстүрлер мен тәлімгерліктің маңызы;
-
түлектердің кафедраның білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу қажеттілігі.
Түлектер атынан теміржол көлігінің ардагерлері С.Ж. Тұржанов пен Т.М. Суслова сөз сөйледі.
Баяндамалар барысында келесі мәселелер талқыланды:
-
теміржол құрылысы мен жол шаруашылығындағы басты өзгерістер;
-
болашақ инженерлердің сұранысқа ие құзыреттері;
-
профессор-оқытушылар құрамы мен кафедра түлектері ынтымақтастығының болашағы зор бағыттары;
-
студенттер мен жас мамандарға арналған тәлімгерлік формалары;
-
«Көлік құрылысы» кафедрасын дамыту бойынша практикалық ұсыныстар.
Форсайт-сессия нәтижесінде тәлімгерлікті дамыту, қонақ дәрістерін сапалы ұйымдастыру, өндірістік практикалар мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар қабылданды.
Автор: Тулемисов Т. Ж.


