Select Page

«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ қызметкерлері білім беру ортасы мен көлік саласы ұйымдары арасындағы әріптестікті дамыту аясында Алматы қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығына (ЖҚҰО) жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында университет өкілдері Орталықтың қызметімен, ұйымдық құрылымымен және негізгі жұмыс бағыттарымен танысты. Орталық мамандары көлік ағындарын мониторингтеудің заманауи технологияларын таныстырып, жол қозғалысын басқару жүйелерінің жұмысын көрсетті, сондай-ақ қаланың көлік инфрақұрылымының қауіпсіздігін, өткізу қабілетін және тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар туралы ақпарат берді.

Кездесуге қатысушылардың ерекше қызығушылығын көлік саласын цифрлық трансформациялау, интеллектуалды көлік жүйелерін (ITS) енгізу және қарқынды технологиялық даму жағдайында жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандарды даярлау мәселелері тудырды.

Кездесу барысында тараптар студенттер үшін өндірістік және зерттеу тәжірибелерін ұйымдастыру, бірлескен білім беру және ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізу, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлауға бағытталған бастамаларды әзірлеу сияқты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.

Мұндай кездесулер университет пен көлік саласындағы бейінді ұйымдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға, тәжірибеге бағытталған оқытудың мүмкіндіктерін кеңейтуге және болашақ мамандарға көлік жүйелерін басқарудың заманауи технологиялары туралы өзекті білім алуға мүмкіндік береді.

ALT Университеті бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және көлік саласына инновациялық шешімдерді енгізу үшін жетекші салалық ұйымдармен ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуды жалғастыруда.

Автор: Абдикалыкова Л. Б.

Skip to content
Приемная комиссия