Select Page

22 сәуір күні SDU University қабырғасында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді студент жастарын біріктірген «Жаңа Конституция – Жастар: Республикалық көшбасшы студенттер форумы» жоғары деңгейде өтті.

Бұл форум – жаңа идеялар туындайтын, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін және болашақ көшбасшылардың басын қосатын маңызды диалог алаңына айналды.

Форум аясында қатысушылар:

— тәжірибелі әрі ықпалды спикерлердің мазмұнды баяндамаларын тыңдап,
— практикалық воркшоптар мен тренингтерге қатысып,
— студент көшбасшыларымен тәжірибе алмасып,
— кәсіби нетворкинг арқылы жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.

Іс-шара бағдарламасы Абай Құнанбайұлының «Толық адам» тұжырымдамасына сүйеніп, нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат қағидалары арқылы жастардың жан-жақты дамуына бағытталды.

Университетіміздің атынан форумға:

  • Ембергенова Сабина Аскаровна — Студенттік Үкімет Президенті
  • Абдиманапова Ұлдана — «I’m volunteer» ұйымының лидері
  • Сагидуллаев Нұрбек — Студенттік Үкімет белсендісі қатысып, университет намысын абыроймен қорғап, белсенділік танытты.

Форум барысында Саясат Нұрбек арнайы бейнеүндеу жолдап, жастар бастамаларына қолдау білдіріп, олардың ел болашағындағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Аталған форум Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаған Тұрақты даму мақсаттарының бірқатар бағыттарымен үндес келеді. Атап айтқанда:

— Сапалы білім (SDG 4) – жастардың білімін, дағдыларын дамыту;
— Лайықты жұмыс және экономикалық өсу (SDG 8) – көшбасшылық пен кәсіби құзыреттілікті арттыру;
— Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар (SDG 16) – құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық белсенділікті күшейту.

Бұл форум – жастардың әлеуетін ашып, олардың қоғамдағы белсенді рөлін нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Осындай алаңдар жас буынның ел дамуына қосар үлесін арттырып, жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға жол ашады.

Skip to content
Приемная комиссия