Ағымдағы жылдың 28-тамызында «Логистика және көлік Академиясы» базасында « Конституция күніне» орай 1-курс студенттерінің қатысуымен конференция өткізілді. Аталмыш шарада заң ғылымдарының PhDдокторы-Кундакова М.Ж., «Аманат» партиясы жастарды қолдау кеңесінің мүшесі, «Адал ұрпақ» жобасы аясында жастардың сбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру жоба менеджері-Кунтубай А.С. және Д. Қонаев атындағы колледж директоры,Құрмет орденінің иегері, «Аманат» партиясы саяси кеңесінің мүшесі, қауымдастырылған профессор-Булекбаева Р.Ч. спикер болып, өз баяндамаларын жасады.
Конференцияға 1-курс студенттері мен оқытушылар қатысып, «Конституция-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», «Референдум-2022, Не өзгерді?», «Ел болашағы-жастар» тақырыптарында баяндама тыңдап, талқыға салды.