Select Page

ALT Университетіндегі “ҒЫЛЫМ” айы шеңберінде 14 сәуір 2026 ж “Жылжымалы құрам” және “Автокөлік амалдары және ӨТҚ” кафедраларының біріккен ғылыми семинарында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Phd Candidate — Аскенов Ерлан Нурланулының “KZ4A электрвозының сенімділік көрсеткіштерін автоматтандырылған борттық техникалық жағдайды диагностикалау жүйесін қолдану арқылы зерттеу” тақырыбындағы диссертациясы қарастырылды. 8D07110-«Машиналар мен жабдықтардың сандық инженериясы» Білім беру бағдарламасы бойынша оырндалған диссертациялық жұмыстың ғылыми кеңесшісі: Т.ғ.д. Профессор Абдулаев С.С., шетелдік ғылыми кеңесші Т.ғ.д.  Профессор Грачев В.В. (Санк-Питербург, РФ).

Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелеріне сын-пікірлер айтылды, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық құндылығы талқыланды және борттық диагностика жүйесінің электровоздың жұмыс істеу барысындағы сенімділігі қарастырылды.

Ізденуші Аскенов Ерланға табысты қорғауына тілек білдірілді.

ТДМ 13 — Климаттың өзгеруіне қарсы күрес. Теміржол көлігі — ең экологиялық таза тасымал түрі. Электровоздардың тиімділігін арттыру автокөлікпен салыстырғанда атмосфераға шығатын зиянды қалдықтар мен көміртегі ізін азайтуға көмектеседі.

Автор: Аширбаев Г.К.

Skip to content
Приемная комиссия