7-11 қазан аралығында “Language Education” кафедрасында инновациялық апта өтілді. Инновациялық оқыту жана жағдайларда студенттердің бірлескен әрекеттерге қабілетін дамытуды кездейтін білімді игерудің ерекше үлгісі.
«Language Education» кафедрасы, ағылшын тілі оқытушылары сабақты ерекше форматта өтеді. Ағылшын тілін ойындар арқылы үйреніп, топтар бір-бірімен бәсекеге түсті. Студенттер топпен жұмыс жасап, түрлі тапсырмаларды орындады. Сабақтың мақсаты-тіл үйрену процесін қызықты әрі жеңіл ету, студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу, түсіну, ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақтың соңында студенттер өз ойларын ортаға салып, қандай ойын ұнағанын, қайсысы қиын болғанын талқылады. Сабақты топтармен ойын ретінде өткізу студенттердің қызығушылығын арттырады.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру студенттің интеллектулды қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.