Select Page

«Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасында 7М11355 – «Логистика» және 7М04167 – «Экономика және менеджмент» білім беру бағдарламалары магистранттарының магистрлік диссертацияларын қорғауы өтті. Қорытынды аттестаттау аясында магистранттар көлік-логистикалық жүйелерді дамыту, жеткізу тізбектерін басқару, бизнес-процестерді цифрландыру, кәсіпорындардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ экономика мен менеджмент саласындағы заманауи тәсілдерге арналған ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.

Қорғау барысында түлектер теориялық даярлықтарының жоғары деңгейін, ғылыми талдаудың заманауи әдістерін меңгергенін және алған білімдерін логистика, көлік, экономика және басқару салаларындағы практикалық міндеттерді шешуде қолдана алатынын көрсетті. Ұсынылған зерттеулер өзектілігімен, тәжірибелік маңыздылығымен ерекшеленіп, ұйымдардың қызмет тиімділігін арттыруға және саланы дамытуға бағытталған ұсыныстарды қамтыды.

Магистрлік диссертацияларда көлік-логистикалық жүйелердің тұрақты дамуы, басқару процестерін цифрлық трансформациялау, жеткізу тізбектерін оңтайландыру, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, сондай-ақ экономика мен менеджментке инновациялық тәсілдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жүргізілген зерттеулер БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге өз үлесін қосады, атап айтқанда:

  • ТДМ 4 «Сапалы білім беру» – жоғары білікті мамандар даярлау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту арқылы;
  • ТДМ 8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» – кәсіпорындардың тиімділігін арттыру мен экономиканы дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу арқылы;
  • ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» – логистика мен көлік инфрақұрылымын цифрландыру және инновациялық технологияларды зерттеу арқылы;
  • ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» – көлік және логистикалық жүйелерді жетілдіру арқылы;
  • ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсаттарындағы әріптестік» – университет, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы.

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшелері магистранттардың дайындық деңгейін, зерттеулердің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызын жоғары бағалап, олардың қазіргі ғылым мен еңбек нарығының талаптарына толық сәйкес келетінін атап өтті.

«Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасы түлектерді магистрлік диссертацияларын сәтті қорғауымен құттықтап, ғылыми қызметте, кәсіби дамуда және жаңа жобаларды жүзеге асыруда толағай табыстар тілейді!

Автор: Алик А.

Skip to content
Приемная комиссия