2022 жылғы 1 наурызда «ЛжКА» АҚ білім алушыларды әлеуметтік қорғау жөніндегі Кеңестің отырысы өтті, онда әлеуметтік қолдау көрсетуге және оқуға ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беруге әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген студенттердің 8 жеке ісі қаралды. Барлық студенттерге әлеуметтік көмек көрсетілді. «Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатындағы 2 студентке 2021-2022 оқу жылының II-семестріне оқу ақысы бойынша 100% жеңілдік берілді.