Select Page

Ағымдағы жылдың 03 қарашасында «ЛжКА» АҚ-ның Әлеуметтік кеңесінің 2022-2023 оқу жылына арналған бірінші отырысы өтті.

Әлеуметтік кеңесте 2022-2023 оқу жылына күндізгі оқу нысанындағы «ЛжКА» АҚ білім алушыларына әлеуметтік қолдау көрсету туралы ереже бойынша студенттердің — барлығы 83 жеке құжаттары қаралды. 81 студентке әлеуметтік стипендия түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде:

— III топтағы денсаулық мүмкіндігі шектеулі 3 студентке ай сайын 3 АЕК көлемінде беріледі;

— III топтағы денсаулық мүмкіндігі шектеулі 5 студентке және жетім 3 студентке Студенттердің үйлерінде тегін тұру қарастырылды;

— 1 студентке әкесінің қайтыс болуына байланысты мемлекеттік стипендия мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді;

— толық емес отбасынан шыққан 27 студентке ай сайын 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік шәкіртақы ретінде беріледі;

— 4 студентке «ЛжКА» АҚ-да оқудың барлық кезеңінде кемінде 3,5 GPA бар, бір оқу жылына оқу ақысы бойынша 10% жеңілдік берілді, тек «өте жақсы», «жақсы» бағалары үшін (А, А-, В+, В, В -);

— 1 студентке ТМД елдеріндегі халықаралық пәндік олимпиадалардың және/немесе конкурстардың, сондай-ақ спорттық жарыстардың (алыс және жақын шет елдер) жеңімпаздарына III орын алған факті бойынша бір мезгілде 6 АЕК берілді;

— 1 студентке ТМД елдеріндегі халықаралық пәндік олимпиадалардың және/немесе конкурстардың, сондай-ақ спорттық жарыстардың (алыс және жақын шет елдер) жеңімпаздарына II орын алған факт бойынша бір мезгілде 10 АЕК берілді;

— «ЛжКА» АҚ-ның қоғамдық өміріне және одан тыс жерлерде белсенді қатысатын Студенттік Үкіметтің 10 студентіне ай сайын 7 АЕК берілді;

— 2 студенттік деканға Студенттер үйінде тұруға СҮ-де тұру сомасының құнынан 50% жеңілдік берілді (50% студенттер өздері төлейді);

— 24 студентке, соның ішінде Студенттер Кеңесінің төрағаларына және этаж старосталарына Студенттер үйлерінде тұру СҮ-де тұру сомасының құнының 50% жеңілдік берілді (50% студенттер өздері төлейді).

Әлеуметтік осал санаттағы үш білім алушыға оқу ақысы бойынша жеңілдіктер берілді: жетім студентке – оқу ақысы бойынша 50%, көп балалы отбасынан шыққан  студентке – 30%, магистрантқа – 20%.

Приемная комиссия