Select Page

М.Тынышпаев атындағы ALT Университетінің Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің жетекшісі Шабденова Дария Рахималиевна ҚБТУ студенттеріне арналған «PsyhoExpress KBTU 2025» іс-шарасына қатысып, жедел психологиялық диагностика форматында жеке кеңес беру жұмыстарын жүргізді. Консультациялар студенттердің психологиялық әл-ауқатын қолдауға және өзекті сұраныстарды уақтылы анықтауға бағытталды.

Іс-шараны ұйымдастырған – ҚБТУ-дың Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры және Психологиялық қызмет жетекшісі Абдуллаева Мелита Толкунжановна. Сонымен қатар, психологтарға арналған «Суицидтен кейінгі қолдау (поственция)» тақырыбындағы семинар өткізілді. Семинарды Орталық директоры, психиатр дәрігер Скляр С.В. және психиатр дәрігер Жуамадилова В.Н. жүргізді. Бұл кездесу суицидтің алдын алу саласындағы заманауи тәсілдермен танысуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында Алматы қаласының жоғары оқу орындарының психологтары:

  • студенттерге экспресс-диагностика жүргізді;
  • психологиялық қолдау көрсетті;
  • маңызды диагностикалық және кеңес беру жұмыстарын жүзеге асырды;
  • тәжірибе және әдістемелік тәсілдермен алмасуға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушыларға көрсеткен құрметі мен қолдауы үшін ерекше алғыс білдіреміз. Жылы қабылдау, достық атмосфера, сондай-ақ алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар – мамандар еңбегіне деген жоғары бағалаудың белгісі болды.

Алматы қаласының ЖОО психологтарының кәсіби қауымдастығын дамытуға, сенім мен ынтымақтастық кеңістігін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін ҚБТУ-ға алғыс білдіреміз!

Skip to content
Приемная комиссия