Select Page

Сәуір айының 13-16 аралығында оқу-тәрбие жұмысын жақсарту мақсатында 1 курс студенттері (3-88р, 3-89р, 3-90р, 3-91р, 3-92р, 3-93р, 3-98р, 3-97р, 3-102р топтары) «Language Education» кафедрасының сениор-лекторы С.А. Алиевамен бірге Ы.Дүкенұлы  атындағы халық аспаптар мұражайына барды. Экскурсия барысында студенттер қазақ музыкалық аспаптарының түрлерімен, сондай-ақ 2026 жылдың 18 ақпанында осы мұражайда ашылған  «Димаш: бір дауыс – мың ел» көрмесін тамашалады. Көрмеде әншінің жеке коллекциясындағы 70 ерекше музыкалық аспаптар, соның ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің сыйлықтары және оның алғашқы домбырасы үлгілерімен танысты.

Бұл іс-шара тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға тікелей ықпал етеді:

  • ТДМ 4 (сапалы білім беру): академиялық аудиториядан тыс білім алу және сыни ойлауды дамыту.
  • ТДМ 11 (Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар): елдің мәдени мұрасын сақтау және насихаттау.
  • ТДМ 10 (теңсіздікті азайту): студенттердің әлемдік және ұлттық мәдени құндылықтарға тең қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Мұражайға бару студенттерге өнер тарихын тереңірек түсінуге, ой-өрісін кеңейтуге және мәдени тұрғыдан өзін-өзі дамытуға деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.

Skip to content
Приемная комиссия