ТДМ 17 «тұрақты даму шеңберіндегі серіктестік» мақсаттарын іске асыру аясында «СНжАҚ» департаментінің профессоры Абдирайымова А.С. 2026 жылғы 22–26 қыркүйек аралығында материалдық емес мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелеріне арналған, ЮНЕСКО-ның халықаралық фасилитаторлары шақырылған оқыту семинарына қатысты.
Семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Астана қаласында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, білім мен дағдыларды сақтау мәселелерін талқылап, осы саладағы тәжірибелерімен және практикалық тәсілдерімен бөлісті.
Семинарға қатысу кәсіби тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ материалдық емес мәдени мұраны сақтау және танымал ету бағытындағы жұмысты одан әрі дамытуға маңызды мүмкіндік берді.
Автор: Абдирайымова А. С.


