2026 жылғы 21 мамырда университетте Әскери істер институты бастығының орынбасары, запастағы полковник Чунетов Айдын Мавлетханұлының 50 жылдық мерейтойына орайластырылған практикалық сабақ өтті. Іс-шараға университет басшылығы, Алматы қаласы жоғары оқу орындарының әскери кафедра бастықтары, сондай-ақ мерейтой иесінің әріптестері мен үзеңгілестері қатысты.
Сабақ аясында әскери білім беруді дамыту және оның білікті мамандар мен жұмылдыру резервін даярлаудағы рөлі мәселелері қаралды. Бөлімшелерде мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру тақырыбы бойынша «Тәрбие және идеологиялық жұмыс» пәнінен өткен практикалық сабаққа ерекше назар аударылды. Бұл формат студенттердің қолданбалы дағдылары мен кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті.
Іс-шара БҰҰ-ның №4 «Сапалы білім беру» Тұрақты даму мақсатымен тікелей байланысты, өйткені ол білім алушылардың дайындық сапасын арттыруға, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға және жауапты азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған.
Тәжірибелік сабақтың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді, сондай-ақ Әскери істер институты студенттерінің қатысуымен мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.


