2026 жылғы 29 қазанда ТДМ 4 (Сапалы білім беру), ТДМ 9 (Өнеркәсіп, инновациялар мен инфрақұрылым) және ТДМ 11 (Тұрақты қалалар мен елді мекендер) мақсаттарын жүзеге асыру аясында Көліктік құрылыс департаментінің білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамы үшін B409 конференция залында қонақ дәрісі өтті.
Дәрісті Алматы метрополитенінің Бас жобалаушысы — «Метро проект» ЖШС Бас инженері Өтегенов Нұркен Садыбекұлы мен «Трасса және жол» бөлімінің бастығы Әби Ерболат Қанатұлы жүргізді. Dәріс тақырыбы: «Тараз НЖС магистральдық теміржолының қолданыстағы су өткізгіш құбырының орнына жүргізілген тоннель жобалау нәтижелері бойынша Боранды станциясында жұмыс істеп тұрған теміржол желілерінің астынан автомобиль тоннелін салу».
«Метро проект» ЖШС аталған жобаны қысқа мерзімде әрі өтеусіз негізде әзірлеп шықты. Құрылыс жұмыстарын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүзеге асырып, 2026 жылғы 25 қазанда ұзындығы 7,0 метрді құрайтын жаңа көпір пайдалануға берілді.
Құрылыс жұмыстары пойыздар қозғалысын тоқтатпай жүргізілді. Бұл жоба осы учаске арқылы балаларын мектепке, аудан мен облыс орталықтарына тасымалдайтын маңайдағы елді мекен тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік көмек болды (ТДМ 9).
Автор: Жансултанова Б. М.


