Select Page

Алматы, 2026 жылғы 9 шілде — «Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» акционерлік қоғамының басшылығы мен City University of Hong Kong (Гонконг университеті) өкілдері арасында онлайн келіссөздер өтті. Кездесу барысында тараптар академиялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, университеттер арасында серіктестік туралы меморандумға қол қоюға дайындық жасауға келісті.

Кездесуге ALT Университетінің ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ғани Сергазин, академиялық ұтқырлық офисінің басшысы Айнұр Якупова, сондай-ақ City University of Hong Kong-тың таланттарды дамыту және халықаралық стратегия жөніндегі вице-президенті Вэнь Джунг Ли (Wen Jung Li) және халықаралық байланыстар жөніндегі маман Ади Ли (Adi Li) қатысты.

Кездесу барысында болашақ ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде магистратура бағдарламаларын дамыту, «Болашақ» бағдарламасы, сондай-ақ академиялық алмасудың басқа да форматтарын қарастыру таңдалды.

Тараптар серіктестіктің жоғары әлеуетін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара дайын екендерін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша ALT Университеті мен City University of Hong Kong арасында ресми меморандумға қол қоюға дайындықты жақын арада бастау туралы шешім қабылданды.

Меморандумға қол қою екі жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары үшін академиялық ұтқырлық, бірлескен магистратура бағдарламалары және ғылыми ынтымақтастық аясында жаңа мүмкіндіктер ашады.

Skip to content
Приемная комиссия