Select Page

2026 жылғы 6 шілдеде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен өзара ынтымақтастық аясында Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің Көлік және құрылыс институтының құрамы 4 оқытушы мен 20 студенттен тұратын Студенттік геодезиялық жасағы Ақтау қаласына іссапарға жіберілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен жасалған келісімге сәйкес, жобаға қатысушылар Маңғыстау өңірінің магистральдық теміржол желісі учаскелеріндегі жолдың бойлық профилі мен желі жоспарына камералдық геодезиялық түсірілім жұмыстарын орындауға кіріседі.

Аталған жұмыстар теміржол инфрақұрылымын инженерлік-геодезиялық сүйемелдеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жоба студенттерге нақты өндірістік материалдармен, заманауи геодезиялық деректермен және нормативтік-техникалық құжаттамамен жұмыс істеу арқылы құнды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Осындай өндірістік жобаларға қатысу болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, кеңістіктік деректерді өңдеу дағдыларын жетілдіруге және еліміздің көлік саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға ықпал етеді.

ALT Университетінің оқытушылары үшін бұл жоба заманауи өндірістік технологиялар мен практикалық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізуге, сондай-ақ Қазақстанның теміржол саласындағы негізгі Жұмыс беруші – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті мамандар даярлаудың тәжірибеге бағытталған моделін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Университет студенттерге нақты өндірістік жобаларға қатысуға және Қазақстан Республикасының теміржол көлігі инфрақұрылымын дамытуға өз үлестерін қосуға кең мүмкіндік береді.

Студенттік геодезиялық жасаққа алдағы жұмыстарында табыс, кәсіби жетістіктер, жемісті еңбек және маңызды практикалық нәтижелер тілейміз!

Автор: Сулеева Н. З.

Skip to content
Приемная комиссия