Select Page

«Көлік және құрылыс» институтында студенттік деканат белсенділерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты әдеби кеш өтті.

Тағылымды шара барысында студенттер ақын шығармаларын оқып, оның терең ойлы өлеңдері мен рухани мұрасын дәріптеді. Жырмен өрілген кеш қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттырды.

Мұқағали поэзиясы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мәңгілік қазына.

Skip to content
Приемная комиссия