Select Page

18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне және «Музей түні» мәдени шарасына орай Ықылас атындағы халықтық музыкалық аспаптар музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараға Көлік және құрылыс институтының студенттері белсенді түрде қатысып, ұлттық мәдени мұрамен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Экскурсияның негізгі мақсаты — білім алушылардың рухани-мәдени дүниетанымын кеңейту, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және жастардың мәдени ортаға белсенді араласуына ықпал ету болды. Музейді аралау барысында қатысушылар қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының тарихымен танысып, олардың ерекшеліктері мен тарихи маңызы туралы құнды ақпарат алды.

Сонымен қатар, бұл іс-шара университетте жүзеге асырылып жатқан «ТДМ 11 — Тұрақты қалалар мен елді мекендер» бағыты аясында өткізіліп, мәдени мұраны сақтау мен дәріптеуге, сондай-ақ жастардың әлеуметтік және мәдени жауапкершілігін арттыруға септігін тигізді.

Skip to content
Приемная комиссия