Ғасырлар бойы Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз байланыс тату көрші елдердің өзара достығы арқылы орнаған. Ынтымақтастықтың басты көпірі – бірегей сауда-транзиттік желі Ұлы Жібек жолы. Ол Шығыс пен Батысты экономика жағынан ғана емес, сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық байланыстармен шектеседі.
Ежелгі Жібек жолы рухының жалғасы және дамуы болып табылатын «Бір жол, бір белдеу» бастамасына қатысты елдердің бірі ретінде Қазақстан Қытай Халық Республикасымен халықаралық ынтымақтастық пен дамудың жаңа моделін қалыптастыру және ілгерілету бойынша барлық мүмкіндіктерді толыққанды пайдалануға ниетті.
Жоғарыда аталған мүмкіндіктерді пайдалануға шешім қабылдаған «Логистика және көлік академиясы» АҚ Nanjing Huayuan Cultural Technology Development компаниясымен «Бір жол, бір белдеу» халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім-шартқа қол қойды. Осы Келісім-шарт ынтымақтастықты дамыту және халықаралық білім беру жобаларын жүзеге асыру, студенттермен алмасу, жазғы лагерлер, 2+2, 3+1 бағдарламалары, білім беру көрмелері, Қытайдың техникалық университеттерімен білім алушылар мен оқытушылар үшін тілдік дайындықты ұйымдастыру, сондай-ақ Қытай талапкерлерін «АЛиТ» АҚ студенттерінің қатарына тарту үшін жұмыс істейтін болады.