2022 жылдың 15 сәуірінде «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы Ғылым саласы қызметкерлері күніне арналған «Өндірістегі БЛК рөлі мен міндеттері» атты ғылыми семинар ұйымдастырды.
Семинарда келесі тақырыптарға баяндама жасалды:
- «БЛК-ға кіріспе. Бағдарламалық логикалық контроллер дегеніміз не?»,
- «B&R компаниясының ұсынатын басқару жүйесі»;
- «Темір жол автоматика және телемеханика саласында БЛК қолдану ерекшеліктері»;
- «БЛК логикасын өңдеудің тәжірибелік мысалдары және SCADA жүйелері».
Тыңдалған баяндамалардың нәтижелері бойынша жинақталған тәжірибенің практикалық маңыздылығы, оның өзектілігі және алынған білімді кәсіби қызметте пайдалануға дайындығы туралы көптеген оң пікірлер айтылды.