Select Page

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында университетіміздің «Singer» студенттік вокал клубының саундтрек концерті жоғары деңгейде өтті. Кеш көрермендерге ерекше эмоция, шынайы өнер мен әсем әуенге толы ұмытылмас сәттер сыйлады.

Сахна төрінде шырқалған әлемдік және отандық кинотуындылардың танымал саундтректері көрерменді бір сәтте түрлі сезім иіріміне жетеледі. Әрбір шығарма тек ән ғана емес, тұтас бір оқиға, жүрекке жол тапқан сырлы саз болды. Студенттеріміздің орындау шеберлігі, сахна мәдениеті мен шығармашылық ізденісі олардың өнерге деген шынайы сүйіспеншілігін айқын көрсетті. Әр ән сахналық қойылыммен, жанды дауыспен және көркем безендірумен үйлесім тауып, кештің мазмұнын байыта түсті.

Бұл концерт — жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға, олардың мәдени-рухани дамуына бағытталған маңызды қадам. Шара студенттердің бойындағы талантты шыңдап қана қоймай, өнер арқылы бірлік пен достықтың, өзара қолдаудың маңызын айқындай түсті.

Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының ішінде 4-мақсат — «Сапалы білім» бағытымен үндеседі. Себебі сапалы білім тек академиялық жетістікпен шектелмей, тұлғаның жан-жақты дамуын, шығармашылық қабілетін арттыруды көздейді. Университетіміз студенттердің зияткерлік әрі мәдени дамуына жағдай жасап, олардың өнер арқылы өзін-өзі тануына мүмкіндік беруді жалғастыра береді.

“Singer” вокал клубының бұл кеші – талант пен табандылықтың, шабыт пен ізденістің жарқын көрінісі болды. Өнерге құштар жастарымыздың әр бастамасы алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жетелей беретініне сенім мол.

Skip to content
Приемная комиссия