Select Page

2023 жылдың 2 наурызында Сүлейман Демирел университетінде Орыс тілі мен сөйлеу мәдениеті бойынша тілдік емес жоғары оқу орындары арасында ЖОО аралық олимпиада өтті. Бұл олимпиаданы СДУ мультидисциплинарлық білім беру орталығы «2023 жыл – ТМД елдеріндегі орыс тілі жылы» аясында ұйымдастырды және өткізді. Аталмыш шараның негізгі мақсаты студенттерді кәсіби, ғылыми және шығармашылық бағыттарда өз ойларын еркін білдіруге баулу, Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасындағы тығыз байланысты нығайту болды.

Олимпиада 4 тур бойынша өтті: «Визитка», «Лингвистикалық дайындық», «Сахналау», «Знаешь ли ты?» викторинасы.

Университетаралық олимпиадаға біздің академиядан келесідей 1 курс студенттері қатысты: ЦЛ -22-1к тобынан Косанов Диас, ЭЭ-22-1к тобынан Тлеужанов Дамир, ЭЭ-22-1к тобынан Мереке Куат. Біздің «Локомотив» командасы лайықты 3-орынға ие болып, 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Команданың барлық мүшелеріне естелік сыйлықтар табыс етілді, ал «Тілдік дайындық» кафедрасының оқытушылары Нуркасымова А.К., Джакипова К.Т., Махамбетова С.К. алғыс хаттармен марапатталды.

Олимпиада қатысушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!

Приемная комиссия