2021 жылдың 08-13 қараша аралығында, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласының ардагерлер қоғамы мен әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша Департаментінің қолдауымен «Ешкім де ұмытылмайды, Ешкімді де ұмытпаймыз!» атты Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай «Отансүйгіштік және ұлттық тарихқа құрмет» тарихи апталығының қорытынды іс-шарасын ұйымдастырып өткізді.
Қорытынды іс-шарада, бір апта ішінде өткізілген шаралардың нәтижесі шығарылды. Іс-шаралардың қатарында, тарихи квест, кейс тапсырма, пікірталас және арнайы қойылым, т.б. өтілді.
Іс-шараны қорытындылау үшін, Академияның 60 астам студенті арнайы Ардагерлер кеңесі орталығында болып, Әскери мұражаймен және тарихи деректерге толы кітап қорларымен танысып, «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен бізге бейбітшілік сыйлаған жауынгерлерімізді еске алды.
Еліміз тыныш, жерімізде бейбітшілік болсын!