9 желтоқсан 2021 жылы, академия қабырғасында Қазақстан Республикасының 30-жылдық мерейтойына арналған «Отаным – Қазақстан» атты зияткерлік жарыс өткізілді. Бұл жарыстың басты ерекшелігі, біріншіден, бұл сайыс – алғаш рет академия институттары білімгерлерінің өзара білім бәсекесі болса, екіншіден, аталмыш тапқырлық пен білім сайысы академия тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Зияткерлік ойын 7 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде, жарысқа қатысушылар арасында іріктеу кезеңі болып, жарыстың негізгі кезеңіне 15 білімгер өтті. Барлығы 58 білімгер тіркелген бұл жарыстың әрбір кезеңінде төменгі ұпай жинаған 2 білімгер жарыстан шығып отырды. «Тұлғалар», «Құпия сандар», «Келдім, көрдім, шештім» атты және мобильді қосымшалар арқылы өткізілген кезеңдерден сүрінбей өтіп, жоғарғы ұпай жианаған екі білімгер ақтық сында жарысқа түсті.
Нәтижесінде, бас жүлдені, арнайы сертификат пен ақшалай сыйлықты «Көлік инженериясы» факультетінің 2 курс студенті Имангазина Снежанна иеленсе, бірінші орынды «Логистика және басқару» факультетінің 2 курс студенті Баржақсы Ұлдана алды.
Зияткерлік ойын академияның «Логистика және басқару» институтының ұйымдастыруымен. Әлеуметтік-тәрбие жұмыс департаменті мен «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының қолдауымен өткізілді.