Select Page

14 мамыр күні ALT университетінің белсенді жастары «ҰК «ҚТЖ» АҚ қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Отар станциясында тал отырғызу іс-шарасына қатысты.

Табиғатты аялау – болашаққа деген жанашырлықтың жарқын көрінісі. Әрбір отырғызылған көшет – ертеңгі жасыл желекке, таза ауа мен көркейген елге жасалған маңызды қадам. Бұл бастама жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Іс-шара барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын насихаттап, табиғатты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін көрсетті. Сонымен қатар, бұл игі іс Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының:

13-мақсаты – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес»,
15-мақсаты – «Жер экожүйелерін сақтау» бағыттарымен үндесіп, экологиялық тұрақтылықты нығайтуға өз үлесін қосты.

Жасыл ел – жарқын болашақтың кепілі!

Skip to content
Приемная комиссия