09.09.2026 ж.
ALT University №4 Студенттер үйі
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 3-мақсаты – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында ALT University-дің Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисі ұйымдастырған «Отбасы құндылықтары және үйлесімді қарым-қатынас» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Спикерлер:
Шабденова Дария Рахималиевна – Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің басшысы, психолог;
Қапар Нұрхан Аманжолұлы – психолог-консультант.
Семинар-тренингке №4 Студенттер үйінде тұратын 45 бірінші курс студенті қатысты.
Тренинг барысында студенттер:
отбасы құндылықтарының адам өміріндегі маңызын түсінді;
өзара сыйластық пен сенімді қарым-қатынас дағдыларын дамытты;
эмоцияларды түсіну және дұрыс жеткізу жолдарын үйренді;
қарым-қатынаста жауапкершілік пен қолдаудың маңызын талқылады;
өзара түсіністік пен психологиялық жайлылықты қалыптастыруға бағытталған практикалық жаттығулар орындады.
Семинар соңында Шабденова Дария Рахималиевна және Қапар Нұрхан Аманжолұлы студенттермен сурет салу тесттері мен проективті ойындар өткізіп, қатысушыларға өз эмоциялары мен ішкі ресурстарын жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.
Мықты отбасы – мықты тұлғаның, ал психологиялық әл-ауқат – бақытты өмірдің маңызды негізі.
Автор: Шабденова Д. Р.


