Select Page

Қазіргі таңда қоғамдағы белең алып тұрған мәселелердің бірі — отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы құндылығы мен қарым-қатынасы. Ағымдағы жылдың 5 ақпанында университет қабырғасында осы тақырыпқа орай кездесу болып өтті. Кездесуге эдвайзерлер, студенттік белсенділер мен топ басышлары қатысып, көптеген қажетті ақпараттар алды. Отбасы құндылығы жайлы спикер болып қала бойынша көптеген тренингтер өтіп жүрген, осы салады 10 жылдан аса зерттеп жүрген маман Ильясова Гүлмира Баймұратқызы болды.

Жалпы іс-шара пікір алмасу және түсіндіру жұмыстары ретінде өтті. Қатысушылар эдвайзерлер студенттермен түсіндіру жұмыстарында қолданылатын көптеген пайдалы ақпарат алды. Отбасындағы ата-аналар мен балалардың қарымқатынасы, қоғамдағы түрлі жағдайлардың алдын алу туралы түсіндірмелер берілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қазіргі әлемде өзекті болып табылады, ол «гендерлік теңдік»тұрақты даму мақсаттарының бесінші бағытында көрініс тапты.

Приемная комиссия