2026 жылғы 30 сәуірде «Language Education» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Каламбаева Г.А. мен Есжанова Г.К. 315, 320, 26, 27, 45 топ студенттерімен университеттің ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында «Жанның нәзік сезімдері» атты поэзиялық сағат ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің көркем сөзге деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық қабылдауын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және мәдени дүниетанымын кеңейту болды.
Поэзиялық кеш барысында орыс және қазақ ақындарының шығармаларынан құралған әсерлі әрі мазмұнды әдеби топтама ұсынылды. Студенттер өлеңдерді мазмұнын терең түсініп, интонациялық мәнерлілікпен оқып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Адамның ішкі жан дүниесі, көркем сөздің күші және оның тұлға қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Талқылау барысында қатысушылар поэзияның қазіргі қоғамдағы орны, мәдени мұраны сақтаудағы маңызы және эстетикалық талғамды дамытудағы рөлі туралы өз ойларымен бөлісті. Поэзиялық сағат жылы әрі шығармашылық атмосферада өтіп, студенттердің еркін пікір алмасуына, шабыттануына және әлем әдебиетінің рухани құндылықтарымен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді.


