Көктемнің алғашқы күні көп этносты еліміз үшін ерекше мерекемен басталады. Себебі, Қазақстан халқы 2016 жылдан бастап, Алғыс айту күнін атап өтіп келеді.
Жыл сайын бұл мереке қазақстандықтар үшін көбірек мағыналық реңктерге ие болып, маңыздылығы артып келеді. Бұл мереке өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық пен бір-біріне деген құрмет сезімін оятып, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.
Аталмыш мерекеге орай 06.03.23 күні «Тілдік дайындық” кафедрасында “Polyglot” лингвистикалық клубының шеңберінде “Gratitude day» атты іс-шара атап өтілді. Іс-шара ұйымдастырушысы «Тілдік дайындық” кафедрасының ассистент-оқытушысы – Құлшаева Айнұр Манатқызы. Бұл іс-шараға ТЛ-22-4р, ПДМ-22-1К, IT- ЭЭ-22-1К топтары қатысып, баяндама, өлең оқып, күй тартып, ән айтылды.