ТДМ 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында 2026 жылғы 14 мамырда университеттің коворкинг орталығында «Қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің тиімді коммуникациясы: өзара әрекеттесудің психологиялық аспектілері» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараға Бас оқу ғимараты мен №2–4 Студенттер үйлерінің қауіпсіздік қызметкерлері, вахтерлер мен коменданттары қатысып, жалпы саны 20 адамды құрады.
Семинар барысында шеринг, сұхбат, әңгімелесу, диалог және МАК-карталар әдістері қолданылды. Қатысушылар экспресс-диагностикадан өтіп, коммуникация барысында туындайтын қиындықтардың себептерін анықтауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар ұжымның бірлігін нығайтуға, тиімді өзара әрекеттесуді дамытуға және қарым-қатынас мәдениетінің психологиялық деңгейін арттыруға бағытталған жаттығуларға қатысты.
Талқылау аясында жастар тәрбиесі, әдеп нормаларын сақтау, білім алушылардың мінез-құлық мәдениеті, сондай-ақ қызметкерлердің студенттермен күнделікті және конфликтілік жағдайларда конструктивті өзара әрекеттесу ерекшеліктері қарастырылды. Қатысушылар тарапынан тәртіпті нығайту, қақтығыстардың алдын алу және университетте қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Іс-шараны ұйымдастыруға университеттің Қауіпсіздік қызметінің басшысы Зейнуллаев Самат Зейнуллаұлы қолдау көрсетті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар психолог-тренерлер Гүлнар Советбекқызы мен Дария Рахималиевна Шабденоваға мазмұнды, тәжірибеге бағытталған және өзекті жұмысы үшін алғыстарын білдірді.


