Select Page

Ағымдағы жылдың 16 сәуірі күні университет қабырғасында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Қаладағы заң» тақырыбында жоғары оқу орындары студенттері арасында мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы заң үстемдігі ұғымын терең түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қаладағы қоғамдық тәртіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды сақтау мәдениеті және құқықтық мемлекет құру жолындағы жастардың рөлі жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу студенттердің құқықтық сана-сезімін күшейтіп, өз пікірін еркін білдіруге және қоғамдағы өз орнын айқындауға мүмкіндік берді.

Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысты:

  • ТДМ 4 – Сапалы білім беру: жастардың құқықтық білімін кеңейтіп, өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға ықпал етті.
  • ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар: заң үстемдігін насихаттап, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
  • ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар: қаладағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды.

Осындай мазмұнды кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға жол ашады.

Skip to content
Приемная комиссия