Select Page

Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты — тұрақты қалалар мен елді мекендерді қалыптастыру аясында «Сығылған өзектердің тұрақтылығы» тақырыбы дайындалып, «Материалдар кедергісі» пәні бойынша «Көлік құрылысы» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен мазмұнды жұмыс ұсынылды.
Жұмыс барысында студенттер осьтік сығылу кезіндегі ұзын бағаналарды есептеу тақырыбын зерттеп, тұрақтылық механикасы мәселелерін және олардың қауіпсіз, сенімді әрі ресурсты үнемдейтін құрылымдарды жобалаудағы маңызын талдады. Заманауи қалалық инфрақұрылымды дамытудағы инженерлік шешімдердің рөліне ерекше назар аударылды.
Ғылыми жетекшілер: қауымдастырылған профессор Бихожаева Г.С. және профессор Исмагулова С.О.

Skip to content
Приемная комиссия