Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) 4 іске асыру бағдараламасы бойынша «Сапалы білім» іске асыру аясында 2026 жылғы 30 сәуірде Г.Дәукеев атындағы АУЭС университетінің т.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Байдильдина-Феллан С.Х. «Қазақстанның кеңестік әскери-өнеркәсіптік кешен құрамындағы орны: тарихи-әлеуметтік аспект» тақырыбында қонақ дәріс өткізді. Дәріс барысында 1949 жылы Семей ядролық полигонында басталған ядролық сынақтардың салдары қарастырылды. Олардың ұзақ мерзімді теріс әсері, соның ішінде онкологиялық аурулардың көбеюі мен туа біткен патологиялардың артуы атап өтілді. 1949–1990 жылдар аралығында Қазақстан аумағында шамамен 500-ге жуық сынақ жүргізілгені айтылды. Дәріс студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды.


