2023 жылғы 11-12 мамырда Астана қаласында Қазақстан машина жасаушыларының XI Форумы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырды.
Форумның бірінші күні пленарлық отырыс пен панельдік сессиялардан басталды, онда қатысушылар Мемлекет басшысы мен үкімет қолдаған Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытудың 5 жылға арналған Кешенді жоспары шеңберінде машина жасау саласын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Форумның екінші күнінде барлық қатысушылар машина жасау саласының басым бағыттары бойынша секциялық отырыстарға белсенді қатысты.
Бүгінгі таңда машина жасаушылар форумы өзін пікірталас алаңы ретінде көрсетті, онда жыл сайын сала кәсіпорындарының алдында тұрған көптеген сын-қатерлер қарастырылады. Экономиканы әртараптандыру, жаңа экономикалық саясаттағы импортты алмастыру тетіктері талқылануда.Форумның практикалық маңыздылығы мынада: ашық және жүйелі диалог аясында машина жасау мен жалпы өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиясы әзірленуде.
Сонымен қатар, форум аясында «EXPO» Көрме орталығында «Kazakhstan Machinery Fair 2023″машина жасау және металл өңдеу бойынша Халықаралық мамандандырылған көрме өтті.