2022 жылы 1 сәуірде шақырылған қонақ дәрістері бағдарламасы аясында «Энергетика» кафедрасы «Қазақстан Республикасының энергожүйесі» тақырыбында «Серіктес» локальды кәсіподақ» ҚБ төрағасы Қали Сабыржан Базылбекұлымен білім алушылардың кездесуін ұйымдастырды.
Дәріс барысында С.Қали «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды Қазақстан Республикасының электр энергетикасы жүйесінің жұмыс істеуімен таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша электр энергетикасының басты міндеті тұтынушыларды энергиямен сенімді қамтамасыз ету болып табылады, ол электр энергетикасы саласының жай-күйіне байланысты, ал ол өз кезегінде инвестициялардың техникалық деңгейімен және басқару сапасымен айқындалады деген қорытынды жасалды.
Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.