Select Page

М. Тынышпаев атындағы «ALT Университеті» РЭТ-22-2к тобының студенттері «Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасының меңгерушісі Мусапирова Гүлзада Даулетбекқызы және эдвайзер Қуаныш Данабек Дәулетұлымен бірге «Қазақтелеком» АҚ «Қалалық телекоммуникациялар орталығы / филиалы» (40-станция) ұйымдастырған шолу дәрісіне қатысты.

Дәрісті КУ 1-санаттағы оқытушы Отрадных Владимир Михайлович өткізді. Ол дәріс барысында тұрақты телефон байланысы мен IP-телефониядан бастап, кеңжолақты интернет (FTTH, GPON, xDSL), мобильді байланыс, цифрлық теледидар (iD TV, OTT-қызметтері), корпоративтік шешімдер мен деректер орталықтарына дейінгі тақырыптарды қамтыды. Сондай-ақ, ол магистральдық (Backbone), өңірлік және аймақтық деңгейлерге, жаңа технологиялар мен олардың дамуына егжей-тегжейлі тоқталды. Студенттерге талшықты-оптикалық желімен тікелей танысу мүмкіндігі берілді.

Техникалық ментор Башқұлов Олжас Хамзаұлы барлық үлгілік құрылғылар мен инженерлік инфрақұрылым бойынша экскурсия жүргізді.

Мұндай іс-шаралар студенттердің оқу пәндері мен өндірістегі нақты міндеттердің арасындағы байланысты көруге, талдау дағдыларын қалыптастыруға, заманауи технологиялармен жұмыс істеуге және кәсіби қызметке дайындалуға мүмкіндік береді.

«Қазақтелеком» АҚ «Қалалық телекоммуникациялар орталығы / филиалына» (40-станция) көрсеткен мүмкіндігі үшін, сондай-ақ белсенді қатысқан студенттерімізге үлкен алғыс білдіреміз!

Skip to content
Приемная комиссия