ALT Университетінің құрылтайшысы Гүлзана Серікованың YouTube-арнасында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Дархан Иманашевпен болған подкасттың жаңа шығарылымы жарық көрді.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ — Қазақстанның автомобиль инфрақұрылымын дамытуға жауапты еліміздегі негізгі ұлттық компаниялардың бірі. Сұхбат барысында жол саласын ұйымдастыру мәселелері көтерілді: автомобиль жолдарын салуға, жөндеуге және күтіп ұстауға кім жауапты, бүгінде салада қандай заманауи тәсілдер қолданылады, сондай-ақ еліміздің әртүрлі аймақтарында қандай ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Көлік инфрақұрылымын дамытуға және компанияның алдағы жылдарға арналған стратегиялық жоспарларына ерекше назар аударылды.
Жастарға арналған мансаптық мүмкіндіктерге арналған блок ерекше қызығушылық тудырды. Сұхбатта түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері, жол құрылысы, жобалық басқару, цифрландыру және инженерия саласындағы заманауи маманға қажетті дағдылар мен құзыреттіліктер талқыланды. Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да жас кадрлар үшін қандай перспективалар ашылатыны және бүгінде салаға неліктен жаңа буынның бастамашыл әрі кәсіби мамандары ерекше қажет екендігі туралы сөз болды.
Подкаст мына сілтеме бойынша қолжетімді:
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 31 қаңтарда Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университетінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Дархан Иманашевпен стратегиялық кездесу өткен болатын. Маңызды оқиға — ALT University-мен серіктестікте құрылған «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Оқу орталығының ресми ашылуы болды.
Толығырақ:


