2026 жылдың 14 сәуірінде «Language Education» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Каламбаева Г.А., Есжанова г. К. Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Alt Университеті «Қазіргі қоғам өміріндегі волонтерліктің рөлі»тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында студенттер командаларда жұмыс істеді, волонтерліктің әртүрлі бағыттарын ұсынды: экологиялық, медициналық, спорттық және басқалар. Алты команда өз жобаларын презентация, шығармашылық қойылымдар, аумақты тазарту бейнероликтері және Kahoot интерактивті ойыны форматында көрсетті.
Қатысушылар топтық жұмыс, коммуникация және сыни ойлау дағдыларын дамытып, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуде волонтерлік қызметтің маңыздылығын түсінді.
Нәтижесінде студенттер еріктілік әлеуметтік жауапкершілікті, белсенді азаматтық ұстанымды және жеке өсуді қалыптастыруға ықпал етеді деген қорытындыға келді. Іс-шара «Сапалы білім беру» ТДМ 4 іске асыруға және жан-жақты дамыған тұлғаны дамытуға бағытталған.


