2026 жылғы 15 сәуірде «АКТ» кафедрасы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы педагогикалық және ғылыми жетістіктер» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының ғылыми қызметкерлері, «Үздік оқытушы» атағының иегерлері Еримбетова А.С., Тұрдалыұлы М., сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Амирханова Г.А. қатысып, баяндама жасады.
Семинар барысында спикерлер қатысушыларды АКТ саласындағы жетістіктермен таныстырып, ғылыми табысқа жету жолдары туралы баяндады, сондай-ақ педагогикалық және ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ білім беру саласында инновациялық технологияларды енгізу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар Тұрақты даму мақсаттарының 9-мақсатымен (ТДМ 9) — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» тікелей байланысты екені атап өтілді. Талқылау барысында ғылыми әлеуетті дамыту, зерттеу қызметін қолдау және білім беру сапасын арттыру мақсатында заманауи АКТ шешімдерін енгізудің маңыздылығы ерекше айтылды.
Семинар тәжірибе алмасу, АКТ саласындағы заманауи үрдістерді талқылау және ғылыми-педагогикалық ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды.


