Логистика және көлік академиясында «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының негізінде қонақ дәрістері бағдарламасының аясында 2022 жылдың 28-ақпан күні «ҚТЖ» АҚ «Алматы байланыс және сигналдау дистанциясының (ШЧ-33)» штаттан тыс (тәуелсіз) экперті –В.И. Гуляков пен студенттердің «Цифрлық жедел-техникалық байланыс» тақырыбы бойынша кездесуі өтті.
Қазіргі таңда цифрлық жедел-техникалық байланыс темір жол көлігінің барлық деңгейінің жұмысын басқару үшін сөздік және дискретті ақпаратты тік және топтық арналар бойынша беруді қамтамасыз етуге арналған.
Студенттер қонақ дәрісінің тақырыбына қызығушылық танытып, аталған цифрлық жедел-техникалық байланыстың қай станцияларда орнатылғаны туралы сұрақтар қойды.